Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Сауда қызметiн реттеу туралы
32-1-бап. Сауда қызметі субъектілерінің құқықтары

Ст. 32-1 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Сауда қызметі субъектілері осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметін жүзеге асыруға құқылы. 

2. Сауда қызметі субъектісі: 

1) сауданың мамандандырылуын (әмбебап сауда және (немесе) мамандандырылған сауда); 

2) сатылатын тауарлардың ассортиментін; 

3) жұмыс режимін; 

4) осы Заңның 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатылатын тауарлар бағаларын өз бетінше айқындайды. 

3. Сауда қызметі субъектісі өзінің мүдделері қозғалатын нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды мемлекеттік органдардың қарауы үшін ұсынуға құқылы. 

7-тарау. Қорытынды ережелер

Статья 1 ...31‑1 32 32‑1 33 33‑1 ...36

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-1-бап Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544