Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Сауда қызметiн реттеу туралы
33-2-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау



Ст. 33-2 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544



1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3. Тексерудің өзге де нысандары сауда объектісіне бару арқылы жүзеге асырылады және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын бақылауға бағытталған.

4. Тексерудің өзге де нысандары жеке, заңды тұлғалардың өтініштері немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады.

5. Тексерудің өзге нысандарының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыру анықталған жағдайда бұзушылықты дереу жою туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша нұсқама шығарылады.

6. Тексерудің өзге де нысандарының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқаманы орындауды бақылау «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес өткізілетін жоспардан тыс тексеру арқылы жүзеге асырылады.

 Ескерту. Заң 33-2-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...33 33-1 33-2 34 35 36 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-2-бап Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544