Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Сауда қызметiн реттеу туралы

Сауда қызметiн реттеу туралы
5-бап. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары мен әдістері



Ст. 5 Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544



 1. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу нысандары:

1) сауда қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындау;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасымен тұспа-тұс келетін кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың өтуі шарттарын айқындау;

3) сауда қызметін дамытуды ынталандыру;

4) сауда қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау;

5) сертификаттау болып табылады.

2. Сауда қызметін мемлекеттік реттеу әдістері:

1) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік реттеу;

2) сыртқы сауда қызметін тарифтік емес реттеу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарлардың сатылуын тоқтата тұру және (немесе) сатуға тыйым салу;

4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақылық шаралар қолдану;

5) халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу болып табылады.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...36 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Сауда қызметiн реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544