Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 13 Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жарнама туралы
13-бап. Жекелеген өнiм түрлерiн (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалау ерекшелiктерi

1. Мыналарды:

1) этил спиртін және алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді;

2) ана сүтін алмастырушыларды;

3) сәйкестікті растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті түрде расталуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді);

4) темекі және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды;

5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, тұтынудың электрондық жүйелеріне және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әр түрлі іс-шаралар, соның ішінде ұтыстар, лотереялар ойнату нысанында;

5-1) теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, балаларға арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көрсетілімдерде, радио- , теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдері, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;

5-2) егер мұндай әрекет көркем ойдың ажырамас бөлігі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, ересектерге арналған аудиокөрінім туындыларда, театр-ойын-сауық көріністерінде, радио- , теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларда темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету, сондай-ақ темекі бұйымдарын және темекі тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын көрсетілген туындыларды, көрсетілімдерді, бағдарламаларды көпшілік алдында орындау, эфирге, кабель арқылы хабарлау және кез келген басқа да пайдалану нысанында;

6) қаржылық (инвестициялық) пирамиданың қызметін жарнамалауға тыйым салынады.

1-1. Осы Заңның 14-2-бабының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауды қоспағанда, алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді, темекі және темекі бұйымын тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімнің, темекі және темекі бұйымының, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін және (немесе) атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.

1-2. Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелмеген ұйымдардың өнімдердің сәйкестігін міндетті растау жөнінде қызметтер көрсетуді және (немесе) сәйкестігін растау саласындағы делдалдық қызметтер көрсетуді жарнамалауына тыйым салынады.

1-3. Лотерея операторы және (немесе) лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты шеңберінде лотерея таратушылар (агенттері) орналастыратын жарнаманы қоспағанда, лотереяны жарнамалауға тыйым салынады.

2. Алынып тасталды.

3. Медициналық көрсетілетін қызметтерді, профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың әдістері мен құралдарын, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, тағамға биологиялық активті қоспаларды жарнамалаудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен реттеледі.

4. Алынып тасталды - ҚР 2009.07.16 № 186-IV Заңымен.

5. Қызметтiк және азаматтық қаруды, сондай-ақ экспорты мен импорты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн қару-жарақты, әскери техниканы және қосарлы мақсаттағы өнiмдердi жарнамалауға арнаулы басылымдарда ғана, сондай-ақ мамандандырылған көрмелерде немесе сату жәрмеңкелерiнде жол берiледi. Аталған жарнама әскери және арнаулы қаруды, қару-жарақты, әскери техниканы жасау технологиясын, қолдану тәсiлдерiн тiкелей немесе жанама түрде ашып көрсетпеуге тиiс.

5-1. Темекі бұйымдарын және темекіні тұтыну процесін көрсету жүзеге асырылатын теле- және бейнефильмдерді қоса алғанда, аудиокөрінім туындыларды, теле- , бейне- және кинохроникалық бағдарламаларды көрсету кезінде хабар таратушы немесе көрсетуді ұйымдастырушы осындай туындыны, бағдарламаны тікелей көрсету алдында немесе көрсету кезінде темекі тұтынудың зияны туралы сүйемелдеуші мәтіндік хабарламамен қамтамасыз етуге тиіс.

6. Тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) бекітілген жобалау құжаттамасындағы сыныптамасына сәйкес келмейтін салынып жатқан немесе пайдалануға берілген тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жарнамасына тыйым салынады.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07 № 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264, 2009.07.16 № 186-IV; 17.01.2014 N 166-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.04.2016 № 504-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2019 № 215-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2020 № 343-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 394-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Примечание ИЗПИ!
В заголовок статьи 14 предусмотрено изменение Законом РК от 06.02.2023 № 194-VII (вводитсЗҚАИ-ның ескертпесі!
14-бапқа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.02.2023 № 194-VII (01.04.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.я в действие с 01.04.2023).

Статья 1 ...11 12 13 14 14‑1 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться