Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Жарнама туралы
20-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Ст. 20 Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманың мазмұнына, тіліне қатысты бұзылғаны үшiн, егер ол жарнама жасаушының не жарнама таратушының кiнәсiнен болғаны дәлелденбесе, жарнама берушi жауапты болады. 

2. Жарнама жасаушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнаманы ресiмдеуге немесе жасауға қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады. 

3. Жарнама таратушы Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңдарының жарнама таратудың, орналастырудың уақытына, орнына және тәсiлiне қатысты бұзылғаны үшiн жауапты болады. 

4. Осы баптың 1, 2, 3-тармақтарында аталған тұлғалардың жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен туындайды.  

Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.06.19 № 264 Заңымен.
Статья 1 ...18 19 20 21

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Жарнама туралы 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508