Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы
12-бап. Діни бірлестіктердің мәртебесі



Ст. 12 Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV



1. Қазақстан Республикасында: жергілікті, өңірлік және республикалық мәртебесі бар діни бірлестіктер құрылуы және әрекет етуі мүмкін.

2. Қазақстан Республикасының кемінде елу азаматының бастамасы бойынша құрылған, бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шегінде әрекет ететін діни бірлестік жергілікті діни бірлестік болып танылады.

3. Кемінде екі облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілдік ететін, олардың әрқайсысынан Қазақстан Республикасының кемінде екі жүз елу азаматы бар екі және одан да көп жергілікті діни бірлестіктердің қатысушылары (мүшелері) болып табылатын, Қазақстан Республикасының кемінде бес жүз азаматының бастамасы бойынша құрылған діни бірлестік өңірлік діни бірлестік болып танылады.

Өңірлік діни бірлестіктер осы жергілікті діни бірлестіктердің қызметі аумағының шегінде құрылып, өз қызметін жүзеге асырады.

4. Барлық облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан өкілдік ететін, Қазақстан Республикасының кемінде бес мың азаматының бастамасы бойынша құрылған, олардың әрқайсысында Қазақстан Республикасының кемінде үш жүз азаматы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық аумағында өз құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар діни бірлестік республикалық діни бірлестік болып танылады.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...25 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV