Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы

Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы
20-бап. Дiни бiрлестiктердiң меншiгi



Ст. 20 Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV



1. Дiни бiрлестiктердiң өз қаражаты есебінен сатып алынған немесе жасалған, Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, ұйымдардың қайырмалдықтарға берген немесе Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы бар.

2. Меншік құқығындағы жылжымайтын және жылжымалы мүлік діни бірлестіктердің меншігі болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлік те дiни бiрлестiктердің меншiгiнде болуы мүмкiн.

4. Дiни бiрлестiктер ерiктi түрде қаржылай және басқа да қайырмалдықтар сұрауға және оларды алуға құқылы.

5. Дiни бiрлестiктердiң меншiк құқығы заңмен қорғалады.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV