Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы

Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы
9-бап. Дiни әдебиет және дiни мақсаттағы заттар



Ст. 9 Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV



1. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, дiни бiрлестiктер өздерінің қалауы бойынша діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды сатып алуға және пайдалануға құқылы.

Құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы заттар болып табылады.

2. Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

3. Жеке пайдалануға арналғандарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды әкелуді тіркелген діни бірлестіктер ғана дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін жүзеге асырады.

4. Дiни бiрлестiк шығаратын және (немесе) тарататын дiни әдебиетте және дiни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарда діни бірлестіктің толық атауы болуға тиiс.

 Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...25 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV