Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы



Ст. 1 Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы



Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы (бұдан әрi – Республикалық ұлан) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн күштерге жататын және өз құзыретi шегiнде күзетiлетiн адамдар мен объектiлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет iс-шараларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.

Республикалық ұлан мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атауы, мөрлерi, мөртабандары, мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылған бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шоттары болады.

Республикалық ұлан әскери құрама болып табылады.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.01.08 N 516 Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.12.20 N N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енедi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 2 3 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы