Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
12-бап. Республикалық ұланның Қолбасшысы



Ст. 12 Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы



1. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланға тiкелей басшылықты жүзеге асырады, оны Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2. Республикалық ұланның Қолбасшысы:

1) Республикалық ұланды тұрақты жауынгерлiк әзiрлiкте ұстайды;

2) Республикалық ұланның қызмет бабындағы жауынгерлiк iсiне, оперативтiк және жауынгерлiк даярлығына басшылық етедi;

3) Республикалық ұлан туралы ереженi, Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы мен саны жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсынады;

4) Республикалық ұланды әскери қызметшiлермен жасақтаудың жоспарын бекiтедi;

5) Республикалық ұлан құрамаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң және қамтамасыз ету органдарының штаттарын бекiтедi;

6) құрама командирiнiң орынбасарына дейiнгi қызметтерге тағайындайды, Республикалық ұлан Қолбасшысының орынбасарлары және құрамалар командирлерi қызметтерiне тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныстар енгiзедi;

7) бастапқы офицер атағын және полковникке дейiнгi атақты қоса әскери атақтар бередi;

8) Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн запасқа және отставкаға шығарады;

9) Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiн, жұмысшылары мен қызметшiлерiн мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсынады;

10)

11) бұйрықтар, нұсқаулар шығарады, Республикалық ұланның жауынгерлiк және арнайы даярлығының жоспарларын, нұсқаулықтары мен ережелерiн, бағдарламаларын бекiтедi;

12) мемлекеттiк органдарда Республикалық ұланнан өкiлдiк етедi;

13) Республикалық ұланның Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;

14) қызмет құжаттамасына қол қояды.

2.

3. Республикалық ұланның Қолбасшысы Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдарында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында көзделген құқықтарды пайдаланады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1997.06.30 N 140, 1998.06.26 N 234, 2001.10.10 N 247, 2004.01.08 N 516 Заңдарымен.  

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 12-бап Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы