Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы
17-бап. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң  құқықтық жағдайы



Ст. 17 Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы



1. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiнiң құқықтық жағдайы осы Заңмен және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.

2. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi қызмет бабындағы мiндеттерiн орындаған кезде өкiмет өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.

3. Республикалық ұланның әскери қызметшiсiне оның жеке басы мен өкiлеттiктерiн растайтын қызмет куәлiгi берiледi.

4. Төте және тiкелей бастықтарынан басқа ешкiмнiң де Республикалық ұланның әскери қызмет iсiне араласуға хақысы жоқ.

5. Республикалық ұланның әскери қызметшiлерiне партияларда, кәсiптiк одақтарда болуға, қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетуге, ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға, өзге де ақы төленетiн қызметпен (оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа) айналысуға, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ коммерциялық ұйымның басқарушы органына немесе байқаушылар кеңесiне кiруге тыйым салынады.

Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2004.01.08 N 516 Заңымен.  

Статья 1 ...15 16 17 18 18-1 ...22 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы