Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
14-бап. Қол жинаудың тәртiбi мен мерзiмi



Ст. 14 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Референдумның бастамашыл тобы топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәліктi алған күннен бастап азаматтардың қолын жинауды ұйымдастырады әрi мұны республикалық референдумға қатысу құқығы бар топ мүшелерi жүзеге асырады.  

2. Референдумның бастамашыл тобына қол қою парақтарын берудi Орталық сайлау комиссиясы топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiктi тапсыра отырып бiр мезгiлде жүзеге асырады.  

3. Қол қою парағына бастамашыл топ референдумға ұсынған мәселенiң (мәселелердiң) тұжырымдамасы енгiзiледi.  

4. Қол жинайтын адам бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн көрсетедi. Әрбiр азамат қол қою парағына тек бiр рет қана қолын қоюға хақылы. Бұл ретте азамат жеке басын куәландыратын құжатын көрсетедi. Азаматтың қолы оның тегiн, атын, әкесiнiң атын, тұрғылықты жерiн, оның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерiн және параққа қол қойылған күндi көрсетумен толықтырылады.  

5. Толтырылған әрбiр қол қою парағына қол жинаған адам қолын қоюға тиiс.  

6. Белгiленбеген үлгiдегi қол қою парақтары, сондай-ақ осы Конституциялық заңның өзге де талаптары бұзылып толтырылған қол қою парақтары жарамсыз болып табылады.  

7. Қол жинау аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде толтырылған қол қою парақтарын қол жинаған адамдар аумақтық сайлау комиссиясына тапсырады, ол паспорт қызметiнiң қызметшiлерiн қатыстыра отырып он күн мерзiмде қол қою парақтарындағы азаматтардың қолының дұрыстығын тексередi, тиiстi хаттама жасайды және оны Орталық сайлау комиссиясына жiбередi.

Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06 N 376 Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592