Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
24-бап. Референдум комиссияларының қызмет жағдайларын қамтамасыз ету



Ст. 24 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Референдум комиссияларының өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, ұйымдардың, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларының орындауы үшiн мiндеттi.  

2. Референдум комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы немесе мүшелерi комиссиясының шешiмi бойынша, референдум өткiзуге арналып бөлiнген қаражат есебiнен орташа жалақысын сақтай отырып, референдумға дайындық пен оны өткiзу кезеңiнде өндiрiстiк немесе қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатыла алады.  

3. Мемлекеттiк органдар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғалары референдум комиссияларының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруында оларға жәрдемдесiп отыруға, жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етуге, өзге де көмек көрсетуге мiндеттi.  
III тарау
Республикалық референдумды өткiзу тәртiбi

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592