Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
27-бап. Республикалық референдум өткiзу кезiнде дауыс беруге арналған бюллетень



Ст. 27 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Дауыс беруге арналған бюллетеньде қойылған әрбiр мәселенiң тұжырымдамасы және дауыс берушiнiң жауаптарының нұсқалары келтiрiледi.  

2. Егер референдумға бiрден бiрнеше мәселе қойылған болса, олардың әрқайсысы үшiн пайдаланылатын дауыс беруге арналған бюллетеньдер түсi жағынан ажыратылуға тиiс.  

3. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер қазақ тiлiнде және орыс тiлiнде, сондай-ақ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында жинақы тұратын халықтың көпшiлiгiнiң тiлiнде шығарылады.  

4. Дауыс беруге арналған бюллетеньдердi жасау тәртiбiн Орталық референдум комиссиясы белгiлейдi.  

5. Учаскелiк референдум комиссиялары дауыс беру өткiзiлерден кемiнде жетi күн бұрын дауыс беруге арналған бюллетеньдермен қамтамасыз етiледi.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592