Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Республикалық референдум туралы
28-бап. Республикалық референдумның қорытындыларын шығару кезiндегi жарамсыз бюллетеньдер



Ст. 28 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Референдумның қорытындыларын шығару кезiнде:  

1) белгiленбеген үлгiдегi;  

2) учаскелiк референдум комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған;  

3) референдумға қойылған мәселеге қайтарылған жауаптар нұсқаларының бiрде-бiреуi сызылып тасталмаған;  

4) оларда референдумда дауыс бергендердiң еркiн бiлдiруiн анықтау мүмкiн болмаған бюллетеньдер жарамсыз бюллетеньдер деп танылады.  

2. Референдумға қойылған мәселеге жауаптардың барлық нұсқалары сызылып тасталған бюллетеньдер жарамды деп танылады, бiрақ дауысты санау кезiнде есепке алынбайды.  

3. Референдумның нәтижелерiн шығару кезiнде бюллетеньдердiң жарамсыз деп танылуына байланысты келіспеушіліктер туындаған жағдайда мәселені дауыс беру жолымен учаскелік референдум комиссиясы шешедi. Бұл ретте шешiм комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екісiнiң дауысымен қабылданады.

Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.11.24 N 604 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...37 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592