Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
32-бап. Республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi Республиканың Конституциялық Кеңесiнiң қарауы



Ст. 32 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Республика Президентiнiң, Парламент Палаталары төрағаларының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша Конституциялық Кеңес даулы жағдайда республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселенi шешедi. Мұндай ретте республикалық референдум нәтижелерiн шығару өтiнiштiң қаралу кезеңiне кiдiртiледi.  

2. Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы туралы дау туындаған жағдайда референдумға дайындық пен оны өткiзуге байланысты материалдарды Конституциялық Кеңеске бередi.  

3. Конституциялық Кеңес Конституция бұзылған жағдайда референдумды Республика Конституциясына сәйкес емес деп тануға хақылы. Мұндай жағдайда Орталық референдум комиссиясы референдум Конституцияға сәйкес емес деп танылған учаскелердегi (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердегi) референдум нәтижелерiн жарамсыз деп тану, сол учаскелерде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) бiр айдың iшiнде қайта дауыс берудi өткiзу туралы шешiм қабылдайды.  

4. Конституцияға сәйкес емес деп танылған республикалық референдумның нәтижелерi Орталық референдум комиссиясының шешiмiмен тиiстi дауыс беру учаскелерiнде (әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерде) жарамсыз деп танылады. Өткiзiлген референдумды Конституцияға сәйкес деп тану референдумның қорытындыларын шығаруды жүргiзе беруге әкеп соғады.

Статья 1 ...30 31 32 33 34 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 32-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592