Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
5-бап. Республикалық референдумға қатысу құқығы



Ст. 5 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Референдумға қатысу құқығы тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарына берiледi. Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға қатысуға құқығы жоқ. Республиканың өзге азаматтарының референдумға қатысу құқығын қандай да болмасын тiкелей не жанама шектеуге жол берiлмейдi және бұл заң бойынша жазаланады.  

2. Азаматтар референдумға тең негiздерде қатысады және олардың әрқайсысы тиiсiнше бiр дауысқа не тең дауыс санына ие болады.  

3. Азаматтар референдумға тiкелей қатысады.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 5-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592