Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Республикалық референдум туралы

Республикалық референдум туралы
6-бап. Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткiзу кезiндегi жариялылық



Ст. 6 Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592



1. Референдумды ұйымдастыру мен өткiзу ашық әрi жариялы жүзеге асырылады.  

2. Референдумды өткiзу туралы шешiм мен оған қойылатын мәселе (мәселелер) азаматтардың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткiзiледi.  

3. Референдум комиссиялары референдум өткiзудi ұйымдастыру жөнiндегi өзiнiң жұмысы туралы, дауыс беретiн учаскелер құру, комиссиялардың құрамы, орналасқан жерi және жұмыс уақыты туралы, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тiзiмi туралы азаматтарды хабарландырады.  

4. Референдум өткiзу кезiнде Республика қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады, олардың өкiлеттiгi Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген тәртiппен куәландырылады. Өкiлдер мен байқаушылардың референдум комиссияларының жұмысына араласуына жол берiлмейдi.  

5. Бұқаралық ақпарат құралдары референдумға әзiрлiк пен оны өткiзу барысын жария етiп отырады, олардың референдум комиссиялары жанында тiркелген өкiлдерiнiң республикалық референдум өткiзуге байланысты шараларға баруына кепiлдiк берiледi.

Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...37 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Республикалық референдум туралы 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592