Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Өзін-өзі реттеу туралы
19-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері



Ст. 19 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ




1. Өзін-өзі реттейтін ұйым:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысын және өзі қабылдаған қағидалар мен стандарттарды сақтауға;

2) өкілеттіктері шегінде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу жөнінде шаралар қолдануға;

3) мүшелерінің (қатысушыларының) арасында олардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;

4) мүшелеріне (қатысушыларына) ақшаның түсуі және жұмсалуы туралы ақпарат беруге;

5) өз қызметінің және өз мүшелері (қатысушылары) қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге;

6) уәкілетті органмен және реттеуші мемлекеттік органмен міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша әзірленетін қағидалар мен стандарттарды келісуге;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында немесе өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен, кейіннен реттеуші мемлекеттік органдарға бере отырып, өз мүшелерінің (қатысушыларының) қызметіне олар өзін-өзі реттейтін ұйымға есептер нысанында ұсынатын ақпараттың негізінде талдауды жүзеге асыруға;

8) мүшесінің (қатысушының) Қазақстан Республикасының заңнамасын, өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарын бұзушылықтары, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелеріне (қатысушыларына) қатысты қолданылған ықпал ету шаралары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарында, өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында немесе өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының шешімімен бекітілген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен реттеуші мемлекеттік органның назарына жеткізуге міндетті.

Қазақстан Республикасының заңдарында және өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында өзін-өзі реттейтін ұйымның өзге де міндеттері белгіленуі мүмкін.

2. Өзін-өзі реттейтін ұйым өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысының туындауына әкеп соғатын қызметті жүзеге асыруға және әрекеттерді жасауға құқылы емес.

3. Өзін-өзі реттейтін ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен және жағдайларда осы Заңның 28-бабының 1-тармағында көзделген мүліктік жауаптылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің бірін пайдалану арқылы өзінің міндеттемелері және өз мүшелерінің (қатысушыларының) міндеттемелері бойынша жауапты болады.


Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ