Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өзін-өзі реттеу туралы

Өзін-өзі реттеу туралы
20-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары



Ст. 20 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ



1. Өзін-өзі реттейтін ұйым барлық мүшелерінің (қатысушыларының) орындауы үшін міндетті, мынадай мақсаттарды қамтамасыз етуге бағытталған қағидалар мен стандарттарды әзірлеуге құқылы:

1) мүшелеріне (қатысушыларына) қойылатын нақты талаптарды айқындау;

2) мүшелері (қатысушылары) өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы мен қауіпсіздігін арттыру;

3) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға әкелетін әрекеттердің алдын алу;

4) шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

5) мүліктік жауаптылықты қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану;

6) мүшелерінің (қатысушыларының) мүдделерін қорғау.

2. Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарының қабылдануы, мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде өзін-өзі реттеу субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау мүмкіндігін жоққа шығармайды.

3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттары Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға, іскерлік этика қағидаларына сәйкес келуге, өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын жоюға немесе азайтуға тиіс.

4. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидалары мен стандарттарында жосықсыз бәсекелестікке, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушыларға және өзге де тұлғаларға моральдық зиян немесе залал келтіретін әрекеттерді, өзін-өзі реттейтін ұйым мүшесінің (қатысушысының) іскерлік беделіне не өзін-өзі реттейтін ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерді жасауға кедергі келтіретін талаптар белгіленуге тиіс.

Өзін-өзі реттейтін ұйымның қағидаларында өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің (қатысушыларының) жауаптылығы және оған тарту тәртібі көзделуге тиіс.

5. Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген, кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары бекітілгенге дейін қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жіберіледі.

Қағидалар мен стандарттарға қорытынды беру мерзімі олар Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен кезден бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.

Белгіленген мерзімдерде қорытынды берілмеген жағдайда қорытынды алынды деп есептеледі.

Міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келісуді не келісуден бас тартуды реттеуші мемлекеттік органдар және уәкілетті орган олар келіп түскен кезден бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Реттеуші мемлекеттік органдар және уәкілетті орган белгіленген мерзімдерде жауап бермеген жағдайда, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттары келісілді деп есептеледі.

6. Қағидалар мен стандарттар міндетті түрде өзін-өзі реттейтін ұйымның интернет-ресурсында орналастыруға және (немесе) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялауға жатады.

Заңмен қорғалатын құпияны қамтитындарын қоспағанда, толық жазылмаған қағидалар мен стандарттарды жариялауға жол берілмейді.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ