Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өзін-өзі реттеу туралы

Өзін-өзі реттеу туралы
21-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу)



Ст. 21 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ



1. Өзін өзі реттейтін ұйымға мүше болу (қатысу) ерікті негізде не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда міндетті негізде болуы мүмкін, ол кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға не өндірілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) нарығына рұқсат берудің міндетті шарты болып табылады.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.

3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіптік қызметпен айналысуға құқығы бар жеке тұлғалар кәсіптік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) болып табылады.

4. Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдау және мүшелікті (қатысуды) тоқтату шарттары мен тәртібі өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.

Өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше (қатысушы) болуға қабылдаудан бас тарту, мүшеліктен (қатысудан) шығару туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шағым жасауға болады.

5. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) өз дербестігі мен жеке және заңды тұлғаның құқықтарын сақтап қалады.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ