Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Өзін-өзі реттеу туралы

Өзін-өзі реттеу туралы
24-бап. Өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысы



Ст. 24 Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ



1. Өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын болғызбау мақсатында өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары), өзін-өзі реттейтін ұйымның басқару органдарының құрамына кіретін адамдар, оның қызметкерлері өзін-өзі реттейтін ұйымның мүдделерін ең алдымен оның қызметінің мақсаттарына қатысты сақтауға міндетті және өздерінің кәсіптік міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мүмкіндіктерді пайдаланбауға немесе мұндай мүмкіндіктерді өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында көрсетілген мақсаттарға қайшы келетін мақсаттарда пайдалануға жол бермеуге тиіс.

2. Өзін-өзі реттеудегі мүдделер қақтығысын болғызбау немесе реттеу жөніндегі шаралар өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысында, қағидалары мен стандарттарында белгіленеді.

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Өзін-өзі реттеу туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 390-V ҚРЗ