Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
14-бап. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысы



Ст. 14 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II



1. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысы заңды тұлға ретiндегi серiктестiктiң құқықтық мәртебесiн айқындайтын құжат болып табылады.

2. Жарғы құрылтай жиналысында серiктестiк құрылтайшыларының басым көпшiлiк даусымен қабылданады және онда:

1) атауы;

2) орналасқан жерi;

3) қызметiнiң нысанасы мен мақсаты;

4) серiктестiктiң басқару органдарын құру тәртiбi мен олардың құзыретi, олардың шешiмдер қабылдау тәртiбi;

5) серiктестiкке кiру тәртiбi мен талаптары, мүшелiктi тоқтатудың немесе серiктестiкте құқықтардың пайдаланылуын уақытша тоқтата тұрудың негiздемесi мен тәртiбi;

6) серiктестiк мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi;

7) серiктестiк мүлкiнiң қалыптасу көздерi;

8) серiктестiктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;

9) аудит жүргiзу тәртiбi;

10) қорларды құрау мен пайдалану тәртiбi, олардың түрлерi мен мөлшерлерi;

11) серiктестiктi қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату талаптары келтiрiлуге тиiс.

3. Серiктестiктiң жарғысында заң актiлерiне қайшы келмейтiн өзге де мәлiметтер қамтылуы мүмкiн.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 14-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II