Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
19-бап. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң мүшелiгiне қабылдау



Ст. 19 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II



1. Серiктестiктiң жаңа мүшелерiн қабылдау осы Заң мен серiктестiк жарғысын сақтай отырып жүргiзiледi және басқарманың немесе жалпы жиналыстың шешiмiмен жарғыға сәйкес ресiмделедi.

2. Серiктестiк мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш жасалған арызда жарғының талаптарын сақтау жөнiнде мiндеттеме болуға, соның iшiнде жарғыда көзделген пай жарналарын төлеу және серiктестiк қызметтерiн пайдалану жөнiндегi мiндеттемелер келтiрiлуге тиiс.

3. Арыз берушi мiндеттi пай жарнасын енгiзген күннен бастап серiктестiк мүшелігiне қабылданған болып есептеледi.

4. Серiктестiк мүшесiне мүшелiк кiтапша берiледi, онда: мiндеттi пайдың мөлшерi және оны енгiзу мерзiмi; қосымша пай жарналарының мөлшерi мен саны, пай жарнасының нысаны (ақшалай, мүлiктiк) көрсетiледi.

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II