Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
21-бап. Серiктестiктен шығу кезiнде пайды сату, төлеу (беру)



Ст. 21 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II




1. Серiктестiк мүшесi өзiнiң пайын басқа тұлғаның иелiгiне беруге және серiктестiктен шығуға хақылы. Пайды серiктестiктiң мүшелерi болып табылмайтын тұлғалардың иелiгiне, егер жарғыда өзгеше белгiленбеген болса және ондай тұлғалар серiктестiкпен кәсiби бағыттас ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерi болып табылса, беруге болады. Пайды сату кезiнде серiктестiк мүшелерi артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады.

2. Осы Заңның 20-бабының 1-тармағының 2)-5) тармақшаларында көрсетiлген негiздемелер бойынша серiктестiктегi мүшелiк тоқтатылған жағдайда серiктестiк мүшесiне немесе оның құқық мирасқорына пай төленедi (берiледi). Пай беру немесе төлеу туралы шешiмдi, жарғыға сәйкес, серiктестiктiң жалпы жиналысы немесе басқармасы қабылдайды.

3. Пайды төлеу (беру) серiктестiк басқармасы белгiлеген мерзiмде жүргiзiледi, бiрақ ол мүшелiк тоқтатылған күннен бастап бiр жылдан аспауға тиiс.

4. Егер осы баптың 2-тармағында аталған жағдайларда серiктестiктiң шығатын мүшесiне оның пайын төлеуге (беруге) серiктестiктiң мүмкiндiгi болмаса, жалпы жиналыс серiктестiктiң басқа мүшелерiнiң қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм шығарады, пай солардың есебiнен төленедi (берiледi).


Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II