Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
27-бап. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң тексеру комиссиясы



Ст. 27 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II



1. Серiктестiктiң жалпы жиналысы серiктестiктiң атқарушы органының қызметiне бақылау жасау мақсатымен тексеру комиссиясын құрады.

2. Тексеру комиссиясының құрамына серiктестiктiң мүшелерi, аудиторлық қызметтi жүзеге асырушы адамдар, қаржы және бухгалтерлiк есеп саласындағы мамандар және басқа адамдар кiре алады.

Атқарушы органдардың мүшелерi тексеру комиссиясының мүшелерi бола алмайды.

Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң тексеру комиссиясы серiктестiктiң жалпы жиналысына есеп бередi.

3. Тексеру комиссиясы серiктестiктiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзген кезде серiктестiктiң барлық құжаттамасына даусыз қол жеткiзу құқығына ие болады. Тексеру комиссиясының талап етуiмен атқарушы органның мүшелерi қажетті түсiндiрмелердi ауызша немесе жазбаша түрде беруге мiндеттi. Тексеру нәтижесiн тексеру комиссиясы серiктестiктiң жалпы жиналысына жiбередi.

4. Тексеру комиссиясы жылдық баланс пен серiктестiктiң басқа да есептерi бойынша қорытынды жасайды. Тексеру комиссиясының қорытындысы болмайынша серiктестiктiң жалпы жиналысы серiктестiктiң жылдық балансы мен басқа да есептерiн бекiтуге хақысы жоқ.

5. Серiктестiктiң тексеру комиссиясының жұмыс тәртiбi жарғымен белгiленедi.

Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.

Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 27-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II