Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
28-бап. Ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң аудитi



Ст. 28 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II



1. Серiктестiктiң жылдық қаржылық есебiнiң, сондай-ақ оның ағымдағы iсiнiң жай-күйiнiң дұрыстығын тексеру және растау үшiн серiктестiк оның жарғысында көзделген жағдайларда және тәртiпте серiктестiкпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының мүшелерiмен немесе серiктестiк мүшелерiмен мүлiктiк мүддеге байланысы жоқ аудиторлық ұйымды тартуға хақылы.

2. Серiктестiк мүшесi өз қаражаты есебiнен серiктестiктiң қаржылық есебіне аудит жүргiзілуiн талап етуге хақылы.

3. Егер серiктестiктiң атқарушы органы серiктестiктiң қаржылық есебiне аудит жүргiзуден жалтарса, аудит мiндетті болған не оны жүргiзудi серiктестiк мүшесi талап еткен жағдайда, аудит мүдделі тұлғаның не серiктестiк мүшесiнiң өтiнiшiмен соттың шешімі бойынша тағайындалуы мүмкiн.

Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.  
  6 тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТIГIНIҢ МҮЛКI

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II