Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
4-бап. Ауыл шаруашылық серiктестiктерiн құрудың мақсаты



Ст. 4 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II



Ауыл шаруашылық серiктестiктерi:

1) ауыл шаруашылық өнiмiн өткiзудi, сақтауды, қайта өңдеудi қамтамасыз ету, материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау сумен қамтамасыз ету және серiктестiк мүшелерiне басқа да сервистiк қызмет көрсету үшiн ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн ерiктi түрде бiрiктiру арқылы олардың әлеуметтiк-экономикалық қажеттерiн қанағаттандыру;

2) серiктестiктердiң пайда алмайтын негiзде жұмыс iстеуi кезiнде ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң өз пайдасын қамтамасыз ету;

3) өнiмдi өткiзу, сақтау, қайта өңдеу және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау салаларында бәсекелестiк орта жасау;

4) ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiден тұтынушыға тiкелей жеткiзiп берудi қамтамасыз ету;

5) ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң қажеттi ресурстарды тиiмдi жағдайлармен сатып алуына жәрдемдесу және өздерiнiң шаруашылық қызметiн қаржыландыруға қол жеткiзе алуы мақсатында құрылады.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...35 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II