Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы
5-бап. Ауыл шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылуы мен қызметiнiң негiзгi принциптерi



Ст. 5 Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II



Ауыл шаруашылық серiктестiктерi:

1) серiктестiкке мүше болудың ерiктiлiгi және кәсiби бағыты бойынша серiктестiк қызметтерiн қажет ететiн және өзiне оның мүшесiнiң мiндеттерiн қабылдауға әзiр кез келген ауыл шаруашылық тауар өндiрушiсiнiң мүше болу мүмкіндігі;

2) серiктестiк мүшелерiнiң тең құқықтылығына: бiр мүше - бiр дауыс дегенге негiзделген демократиялық басқару сипаты;

3) басшы органдар құрамының сайланбалылығы мен оның мерзiмдi түрде ауысып тұруы және олардың серiктестiк мүшелерiне есеп берiп отыруы;

4) серiктестiк қызметiн өз мүшелерiнiң мүдделерi үшiн "өзiндiк құн бойынша қызмет көрсету" принципiмен жүзеге асыруы;

5) мiндеттi және қосымша пай жарналарының мөлшерiн қызметтердi тұтыну көлемiне қарай белгiлеу;

6) серiктестiк көрсететiн қызметтердi оның мүшелерiнiң келiсiм-шартта көзделген көлемде тұтыну мiндеттілігi;

7) ауыл шаруашылық серiктестiгiнiң, қауымдастығының (одағының) қызметi туралы ақпаратқа оның барлық мүшелерiнiң қолжетiмдiлiгi принциптерi негiзiнде құрылады және өзiнiң қызметiн сол принциптер негiзiнде жүзеге асырады.  
2-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРIКТЕСТIКТЕРIНIҢ ТҮРЛЕРI

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...35 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 5-бап Ауылшаруашылық серiктестiктерi және олардың қауымдастықтары (одақтары) туралы 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 133-II