Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
15-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру тәртібі

1. Ауыл шаруашылығы кооперативі құрылтай жиналысының шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаларды ауыл шаруашылығы кооперативіне қайта құру жолымен құрылады.

2. Ауыл шаруашылығы кооперативі кемінде үш құрылтайшының шешімі бойынша құрылады.

3. Құрылтай жиналысында құрылтайшылар ауыл шаруашылығы кооперативін құру туралы шешімді қабылдайды, оның жарғысын, кооператив құрылтайшыларының тізімін бекітеді, мемлекеттік тіркеу үшін ауыл шаруашылығы кооперативінің құжаттарына қол қоюға және оларды ұсынуға, кооперативтің құрылтайшылары мүлік (пай) жарнасы ретінде енгiзетiн мүлiктi, оның iшiнде мүлiктiк және заттық құқықты ақшамен бағалауды белгiленген тәртiппен жүргiзуге уәкiлеттiк берiлген адамдарды сайлайды, ауыл шаруашылығы кооперативінің фирмалық атауын және орналасқан жерін, қызмет түрлерін айқындайды, ауыл шаруашылығы кооперативін басқару органдарын сайлайды және ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылуына және қызметінің басталуына қатысты басқа да мәселелерді шешеді.

4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай құжаттары ауыл шаруашылығы кооперативінің құрылтай шарты және жарғысы болып табылады.

5. Заңды тұлға ретінде ауыл шаруашылығы кооперативінің құқық қабілеттілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны мемлекеттік тіркеу сәтінен басталады.

6. Ауыл шаруашылығы кооперативін мемлекеттік тіркеуден кейін оның құрылтайшылары құқықтарға ие болады және кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, осы Заңда, құрылтай шартында және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында оның мүшелері үшін белгіленген міндеттерді атқарады.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться