Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
19-бап. Филиалдар мен өкілдіктер



Ст. 19 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ



1. Ауыл шаруашылығы кооперативі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер құра алады.

2. Ауыл шаруашылығы кооперативінің орналасқан жерiнен тыс жерде орналасқан және оның функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiн, оның iшiнде өкiлдiк функцияларын жүзеге асыратын оның оқшауланған бөлiмшесi ауыл шаруашылығы кооперативінің филиалы болып табылады.

3. Ауыл шаруашылығы кооперативінің орналасқан жерiнен тыс жерде орналасқан және ауыл шаруашылығы кооперативін қорғауды және оның мүдделерiн білдiрудi жүзеге асыратын, оның атынан мәмiлелер және өзге де құқықтық iс-қимылдар жасайтын оның оқшауланған бөлiмшесi ауыл шаруашылығы кооперативінің өкiлдiгi болып табылады.

4. Ауыл шаруашылығы кооперативінің филиалдары мен өкiлдiктері заңды тұлға болып табылмайды. Оларға өздерiн құрған ауыл шаруашылығы кооперативі мүлiк бередi және олар кооператив бекiткен ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.

5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тiркеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 
4-тарау. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВІНІҢ МҮЛКІ

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...42 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ