Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
29-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелікті тоқтату



Ст. 29 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ



1. Ауыл шаруашылығы кооперативіндегі мүшелік:

1) ауыл шаруашылығы кооперативінен шыққан;

2) пай басқа тұлғалардың иелiгiне берілген;

3) кооператив мүшесi немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған;

4) ауыл шаруашылығы кооперативінен шығарылған;

5) кооператив мүшесi немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған, оны сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған;

6) ауыл шаруашылығы кооперативі таратылған жағдайларда тоқтатылады.

2. Кооперативтің әрбiр мүшесiнің осы Заңда және ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысында белгiленген тәртiппен ауыл шаруашылығы кооперативіндегі өзiнiң мүшелiгiн өз еркiмен тоқтатуға құқығы бар. Өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде ауыл шаруашылығы кооперативінен шығу туралы өтініш қаралуға тиiс.

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 29-бап Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ