Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы

Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы
38-бап. Ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметінің аудитi



Ст. 38 Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ



1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің жылдық қаржылық есебiнiң, сондай-ақ оның iстерінің ағымдағы жай-күйiнiң дұрыстығын тексеру және растау үшiн кооператив мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша шақырылатын оның мүшелерінің жалпы жиналысы ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне тәуелсіз аудит ұйымын тарту арқылы аудит жүргізу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Аудит қорытындылары бойынша есепті кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы ол аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде қарайды және бекітеді.

2. Кооператив мүшелері ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне аудитті өз есебінен жүргізуді талап етуге құқылы.

3. Егер атқарушы орган ауыл шаруашылығы кооперативінің қаржы-шаруашылық қызметіне аудит жүргiзуден жалтарса және (немесе) өзгеше кедергі келтірсе, аудит мүдделі тұлғалардың өтiнiшi бойынша қабылданған соттың шешімі бойынша тағайындалуы мүмкiн.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...42 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 38-бап Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 372-V ҚРЗ