Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
13-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысын өзгерту тәртiбi



Ст. 13 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысын өзгерту жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) осы Заңмен белгiленген ережелерге сәйкес қабылданатын шешiмi бойынша жүзеге асырылады. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтыруларды тиiстi мемлекеттiк орган заңда белгiленген тәртiппен тiркейдi. 

3. Yшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда селолық тұтыну кооперативі мен оның мүшелерi жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен олардың тіркелгені туралы селолық тұтыну кооперативін мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органға хабарланған кезден бастап не сот шешiмiнiң негiзiнде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне селолық тұтыну кооперативі жарғысының өзгергені туралы мәліметтер енгiзiлген кезден бастап селолық тұтыну кооперативі жарғысындағы өзгерiстерге сiлтеме жасауға құқылы. Алайда, үшiншi тұлғалар аталған мән-жайлар болғанға және мерзiмдер басталғанға дейiн де бұл өзгерiстердi ескере отырып, іс-әрекет жасауға құқылы.

 Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 13-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы