Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
19-бап. Селолық тұтыну кооперативi мүшелерiнiң құқықтары

Селолық тұтыну кооперативiнің мүшелерi: 

1) селолық тұтыну кооперативiне ерiктi негiзде кiруге және одан шығуға; 

2) селолық тұтыну кооперативiнiң қызметiне қатысуға, кооператив органдарын сайлауға және оларға сайлануға, селолық тұтыну кооперативiнiң қызметiн жақсарту, оның органдарының жұмысындағы кемшiлiктердi жою туралы ұсыныстар енгiзуге; 

3) селолық тұтыну кооперативiнiң тауарларын /қызметтерiн/ басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың алдында артықшылықпен сатып алуға (алуға), өз өндiрiсiнiң, өзiндiк қосалқы шаруашылығының және кәсiпшiлiгiнiң бұйымдары мен өнiмдерiн селолық тұтыну кооперативiнiң кәсiпорындары арқылы шарттар негiзiнде өткiзудi жүзеге асыруға; 

4) селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) пайшылар үшiн көзделген жеңiлдiктерiн пайдалануға; 

5) селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылау және өзге де органдарынан олардың қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысымен белгіленетiн тәртiппен бухгалтерлiк есеп, есеп беру деректерiмен және басқа да құжаттамамен танысуға; 

6) селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының заңсыз әрекеттерiне селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) шағым жасауға; 

7) селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының өз мүдделерiн қозғайтын шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасауға; 

8) селолық тұтыну кооперативi таратылған жағдайда кредит берушiлермен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлiктiң бiр бөлiгiнiң құнын немесе кооперативтiң барлық мүшелерiнiң келiсiмi бойынша осы мүлiктiң өз пайына тең заттай түрдегi бiр бөлiгiн алуға; 

9) селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкiндегi өз үлесiн бөлуге және кооперативтен шыққан жағдайда оның құнын немесе кооперативтiң барлық мүшелерiнiң келiсiмi бойынша мүлiктi өз пайына тең заттай түрде алуға құқылы. 

Селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысымен мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де құқықтары белгiленуi мүмкін.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться