Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Ст. 2 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 

селолық тұтыну кооперативі - азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жүзеге асырылатын мүшелiк негiздегi ерiктi бiрлестiгi; 

кооперативтiк учаске - пайшылардың белгiлi бiр саны бiрiккен және аумақтық немесе селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысы белгiлейтiн өзге де белгi бойынша құрылуы мүмкiн учаске; 

селолық тұтыну кооперативiнiң уәкiлi - кооперативтiк учаске пайшыларының жиналысында сайланған және мәселелердi селолық тұтыну кооперативi уәкiлдерiнiң жалпы жиналысында шешуге өкiлеттiк берiлген пайшы; 

жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) - селолық тұтыну кооперативiнiң жоғары басқару органы; 

селолық тұтыну кооперативтерiнiң қауымдастығы (одағы) - селолық тұтыну кооперативтерiнiң өздерiнiң жалпы мүліктік және өзге де құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қызметiн үйлестiру мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мен халықаралық ұйымдарда өз мүдделерiн бiлдiру, сондай-ақ өз мүшелерiне құқықтық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету үшiн селолық тұтыну кооперативтерінің жалпы жиналыстары шешiмдерiнiң негiзiндегi ерiктi бiрлестiгi; 

селолық тұтыну кооперациясының жүйесi - селолық тұтыну кооперативтерi мен олардың қауымдастықтары (одақтары); 

пайшы - мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзген және жарғыда көзделген тәртiппен селолық тұтыну кооперативiне мүшелiкке қабылданған азамат (заңды тұлға); 

мүлiктiк (пайлық) жарна - селолық тұтыну кооперативiнiң пай қорына пайшының қосатын жарнасы; 

пай қоры - селолық тұтыну кооперативiн құру немесе оған кiру кезiнде пайшылар қосатын мүлiктiк (пайлық) жарналардан тұратын және селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкiн қалыптастыру көздерiнiң бiрi болып табылатын қор; 

резервтiк қор - төтенше жағдайлардың салдарынан келтiрiлген залалдарды жабуға арналған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi селолық тұтыну кооперативiнiң немесе қауымдастығының (одағының) жарғысымен белгiленедi; 

бөлiнбейтiн қор - селолық тұтыну кооперативiнiң таза табысының бiр бөлiгi есебiнен құрылған қор, оны қалыптастыру мен пайдалану тәртiбi селолық тұтыну кооперативі жарғысымен белгiленедi; 

селолық тұтыну кооперативтерi қауымдастығы (одағы) мүшелерiнiң өкiлдерi - осы селолық тұтыну кооперативi кiретiн қауымдастық (одақ) мүшелерi өкiлдерiнiң жалпы жиналысының жұмысына қатысу үшін жалпы жиналыста селолық тұтыну кооперативтерiнiң атынан сайланған уәкiлеттi адамдар.

Статья 1 2 3 4 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 2-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы