Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
23-бап. Пайшыны селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiнен шығару



Ст. 23 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Пайшы өзiнің селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында белгiленген мiндеттерiн дәлелсiз себептермен орындамаған не кооперативке залал келтiретiн қасақана әрекеттер жасаған жағдайда селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) шешiмiмен селолық тұтыну кооперативi мүшелiгiнен шығарылуы мүмкiн. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы пайшыға оның селолық тұтыну кооперативiнен шығарылуы туралы мәселенi кооперативтiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) қою себептерi туралы 10 күннен кешiктiрмей жазбаша түрде хабарлауға және оны өз пiкiрiн айту құқығы берiлуге тиiстi аталған жалпы жиналысқа (уәкiлдер жиналысына) шақыруға тиiс. 

3. Пайшы селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) дәлелдi себептерсiз қатыспаған жағдайда жиналыс пайшыны кооперативтен оның қатысуынсыз шығару туралы шешiм қабылдауға құқылы. 

4. Селолық тұтыну кооперативiнiң мүшелiгiнен шығарылған пайшыға кооператив мүлкiндегi үлесi осы Заңда белгiленген тәртiппен енгiзген пайына қарай бөлiп берiледi. 

5. Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) пайшыны кооператив мүшелiгiнен шығару туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы