Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
28-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы)



Ст. 28 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) кезектi немесе кезектен тыс жиналыс ретiнде шақырылады. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң пайшысы жалпы жиналысқа жеке өзi немесе өкiлi арқылы қатысуы мүмкiн. 

Жалпы жиналыста атқарушы, бақылаушы және өзге де органдар мүшелерiнің кооператив пайшыларының өкілдерi ретiнде әрекет етуге құқығы жоқ, бұған сенiм бiлдiрушiнің өзi тиiсiнше кооперативтiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының мүшесi болатын реттер қосылмайды. 

Өзге адам кооператив пайшысының өкiлi ретiнде сенiмхат негiзiнде әрекет етуге құқылы. 

3. Әрбiр пайшының немесе оның өкiлiнiң жалпы жиналыста дауыс берген кезде бiр дауысы болады. 

4. Селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында кооператив пайшыларының (пайшылар өкiлдерiнiң) жалпы жиналыста төрағалық етуiнiң әлiпбилiк немесе өзге де тәртiппен кезектiлiгi көзделуi мүмкiн.

Статья 1 ...26 27 28 29 30 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы