Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
29-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң кооперативтiк учаскесi пайшыларының жиналысы

1. Бiрнеше елдi мекендердің тұрғындары селолық тұтыну кооперативiнің пайшылары болған жағдайларда немесе селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген өзге де жағдайларда кооперативтiк учаскелер құрылуы мүмкiн. 

2. Кооперативтiк учаске селолық тұтыну кооперативiнiң ажырағысыз бөлiгi болып табылады және өз қызметi мәселелерiн селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында көзделген көлемде ғана шеше алады. 

3. Селолық тұтыну кооперативi кооперативтiк учаскесiнiң жоғары органы кооперативтiк учаске пайшыларының жалпы жиналысы болып табылады. 

4. Кооперативтiк учаске пайшыларының жалпы жиналысында селолық тұтыну кооперативi мен кооперативтiк учаске қызметiнің мәселелерi қаралады, сондай-ақ селолық тұтыну кооперативi уәкiлдерiнің жалпы жиналысына қатысу үшiн селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында белгiленген тәртiппен және өкiлдiк нормалары бойынша уәкiлдер сайланады. 

5. Селолық тұтыну кооперативінің кооперативтік учаскесі пайшыларының жиналысы, егер оған селолық тұтыну кооперативiнiң кооперативтiк учаскесi пайшыларының жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады. 

6. Кооперативтiк учаске пайшылары жиналысының шешiмi, егер оны кооперативтiк учаске пайшыларының жиналысына қатысушы пайшылардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. 

7. Селолық тұтыну кооперативi кооперативтiк учаскесiнiң пайшылары жиналыстарының қоғамдастыққа (одаққа) кiру және одан шығу, селолық тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру мен тарату туралы шешiмдерi селолық тұтыну кооперативi уәкiлдерiнiң жалпы жиналысы үшiн мiндеттi болып табылады. Селолық тұтыну кооперативi кооперативтiк учаскесiнiң пайшылары жиналыстарының басқа мәселелер жөнiндегi шешiмдерi селолық тұтыну кооперативi уәкiлдерiнiң жалпы жиналысында шешiмдер қабылдаған кезде уәкiлдер үшiн мiндеттi болып табылады. 

8. Селолық тұтыну кооперативi кооперативтiк учаскесiнiң пайшылары жалпы жиналысының шешiмдер қабылдау тәртiбiн (жасырын немесе ашық дауыс беру арқылы) сол жиналыс белгiлейдi. 

9. Пайшының немесе оның өкiлiнiң селолық тұтыну кооперативi кооперативтiк учаскесiнiң пайшылары жалпы жиналысының шешiмiн қабылдаған кезде бiр дауысы болады.
Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться