Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
30-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң уәкiлi



Ст. 30 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Кооперативтiк учаске пайшыларының жалпы жиналысында сайланған селолық тұтыну кооперативiнiң уәкiлiне селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысымен белгiленген өкілеттiк берiледi. 

2. Уәкiлдердiң селолық тұтыну кооперативi уәкiлдерiнiң жиналысына қатысуына кооперативтiк учаске пайшылары жалпы жиналысының жиналыс төрағасы мен хатшысы қол қойған, нотариат куәландырған хаттамасының көшiрмесi болған жағдайда жол берiледi. 

3. Селолық тұтыну кооперативiнiң уәкiлi селолық тұтыну кооперативi мен кооперативтiк учаске пайшыларының арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Ол кооперативтiк учаскенiң қызметiн ұйымдастырады және селолық тұтыну кооперативiнiң уәкiлдерi жиналысының шешiмдерiн кооперативтiк учаске пайшыларының назарына жеткiзiп отырады.

Статья 1 ...28 29 30 31 32 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 30-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы