Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
31-бап. Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) құзыретi

1. Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) құзыретi осы Заңға және селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысына сәйкес белгiленедi. 

2. Жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) айрықша құзыретiне мыналар жатады: 

1) селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысын өзгерту, оның iшiнде мүлiктiк (пайлық) жарнаның мөлшерiн, орналасқан жерi мен фирмалық атауын өзгерту немесе кооперативтің жарғысын жаңа редакцияда бекiту; 

2) кооператив қызметiнiң негiзгi бағыттарын белгiлеу; 

3) селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының басшысы мен мүшелерiн сайлау, олардың өкiлеттiгiн доғару, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, оларды ұстауға арналған қаражаттың мөлшерiн анықтау; 

4) пайшыларды селолық тұтыну кооперативiнен шығару; 

5) селолық тұтыну кооперативiнiң iшкi қызметiн реттеп отыратын iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмiн және басқа құжаттарды бекiту; 

6) қауымдастық (одақ) құру, қауымдастыққа (одаққа) кiру және одан шығу туралы мәселелердi шешу, сондай-ақ қауымдастықтың (одақтың) белгiлi бiр өкiлеттiгiн беру; 

7) селолық тұтыну кооперативiнiң қауымдастықтағы (одақтағы) өкiлдерiн сайлау; 

8) селолық тұтыну кооперативiнің қауымдастықтағы (одақтағы) өкiлдерiне аманаттар әзiрлеу; 

9) жылдық қаржы есептерiн, тексеру комиссиясының (ревизордың) есебiн бекiту; 

10) селолық тұтыну кооперативi шеккен зиянды өтеу тәртiбi; 

11) селолық тұтыну кооперативi қорларының түрлерi мен құрылу және жұмсалу тәртiбiн белгiлеу; 

12) селолық тұтыну кооперативiнiң құны селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында белгiленген құннан асып түсетiн жылжымайтын мүлкiн иеліктен айыру; 

13) шаруашылық серiктестiктерiн құру және оларға қатысу; 

14) селолық тұтыну кооперативiн қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiмдер қабылдау; 

15) тарату комиссиясының (таратушының) төрағасы мен мүшелерiн сайлау және тарату комиссиясының балансын бекiту. 

3. Осы Заңмен жалпы жиналыстың (уәкілдер жиналысының) айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелермен қатар, селолық тұтыну кооперативінің жарғысымен оның айрықша құзыретiне басқа да мәселелер жатқызылуы мүмкін. 

4. Егер селолық тұтыну кооперативiнiң жарғысында өзгеше көзделмесе, жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) өзiнiң айрықша құзыретiне жатпайтын өкiлеттiктi кооперативтiң атқарушы органына беруге құқылы. 

5. Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының шешiмдерiн қуаттау немесе олардың күшiн жою жөнiндегi мәселелердi өз қарауына алуға құқығы бар. 

6. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) кооператив қызметiне байланысты кез келген мәселенi қарауға қабылдауға құқылы.
Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться