Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
33-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң кезектен тыс жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы)



Ст. 33 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативiнiң кезектен тыс (төтенше) жалпы жиналысы (уәкілдер жиналысы) осы Заңда, кооперативтiң жарғысында көзделген жағдайларда, сондай-ақ мұндай жиналыс шақыруды кооперативтiң мүддесi талап еткен өзге де кез келген жағдайларда шақырылады. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң кезектен тыс жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) кооперативтiң атқарушы органы өз бастамасымен, сондай-ақ кооперативтiң тексеру комиссиясының (ревизорының) талап етуi бойынша не селолық тұтыну кооперативi пайшыларының жалпы санының оннан бiрiнен кем болмайтын кооператив пайшыларының (пайшылар уәкiлдерiнiң) бастамасы бойынша шақырады. 

Егер тексеру комиссиясының (ревизордың) немесе кооператив пайшыларының талап еткенiне қарамастан, атқарушы орган кезектен тыс жалпы жиналысты (уәкiлдер жиналысын) шақырмаса, оны тексеру комиссиясы (ревизор) немесе селолық тұтыну кооперативi пайшыларының жалпы санының оннан бiрiнен кем болмайтын кооператив пайшылары (пайшылар уәкiлдерi) дербес шақырады. 

3. Таратылу процесi жүрiп жатқан селолық тұтыну кооперативiнiң кезектен тыс жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) тарату комиссиясы (таратушы) да шақыруы мүмкiн.

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы