Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
34-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) шақыру тәртiбi



Ст. 34 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативiнің жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) шақырушы орган немесе тұлға (тұлғалар) жиналыс ашылатын күнге дейiн он бес күннен кешiктiрмей оның өткiзiлуi туралы пайшыларды (уәкілдердi) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе басқа әдiстермен хабардар етуге мiндеттi. 

Хабарламада жиналыстың өткiзiлетiн уақыты мен орны, сондай-ақ ұсынылып отырған күн тәртiбi көрсетiлуге тиiс. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң кез келген пайшысы (уәкiлi) жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) күн тәртiбi бойынша жиналыс ашылғанға дейiн он бес күннен кешiктiрмей өз ұсыныстарын енгiзуге құқылы. 

Осы мерзiм iшiнде селолық тұтыну кооперативi пайшылары жалпы санының кемiнде оннан бiрi болатын кооператив пайшылары (уәкiлдер) өздерi белгiлеген мәселелердi жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) күн тәртiбiне енгiзудi талап етуге құқылы. 

Егер пайшылардың (уәкiлдердiң) ұсынуы бойынша немесе талап етуi бойынша жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) бастапқы күн тәртiбiне өзгерiстер енгiзілетiн болса, жиналысты шақырушы орган немесе тұлға (тұлғалар) бұл өзгерiстер туралы жиналыс ашылғанға дейiн жетi күннен кешiктiрмей осы баптың 1-тармағында аталған әдiспен пайшыларды (уәкiлдердi) хабардар етуге мiндеттi. 

3. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) шақырушы орган немесе тұлға (тұлғалар) келiп түскен ұсыныстарды қарауға және оларды селолық тұтыну кооперациясы жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) күн тәртiбiне енгiзу немесе одан бас тарту туралы жиналыс ашылатын күнге дейiн он күннен кешiктiрмей шешiм қабылдауға мiндеттi. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысын (уәкiлдер жиналысын) шақырушы орган немесе тұлға (тұлғалар) ұсыныстар қабылданған жағдайда күн тәртiбiне өзгерiстер енгiзу туралы пайшыларға (уәкiлдерге) хабарлауға, сондай-ақ жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) күн тәртiбiне өзгерiстер немесе толықтырулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстар қабылданбаған жағдайда селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) ашылғанға дейiн жетi күннен кешiктiрмей өтiнiш берушiге бас тарту туралы дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi. 

Егер ұсыныстарды жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) күн тәртiбiне енгiзуден бас тарту және ол бойынша қабылданған шешiм өтiнiш иесiнiң құқығы мен заңды мүдделерiн бұзатын болса, ол мұндай шешiмге осы Заңда көзделген тәртiппен шағым жасауға құқылы.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы