Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
36-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) шешiмдер қабылдау тәртiбi



Ст. 36 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы




1. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) күн тәртiбiнiң жиналысқа қатысушыларға хабарланған мәселелерi бойынша ғана шешiм қабылдауға құқылы. Бұл орайда кооператив пайшылары жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) күн тәртiбiне енгiзудi талап еткен мәселелер жиналысты шақырушы орган немесе тұлға (тұлғалар) осы Заңда көзделген мiндеттердi орындамаған жағдайдың өзiнде де күн тәртiбiне енгiзілдi деп есептеледi. 

2. Осы Заңның 31-бабының 2-тармағының 1), 6), 10), 12), 14) тармақшаларында аталған мәселелер бойынша шешiмдер селолық тұтыну кооперативi мүшелерiнiң жалпы санының төрттен үш бiлiктi көпшiлiк даусымен қабылданады. 

Осы Заңның 31-бабы 2-тармағының 4) тармақшасы бойынша шешiм қабылдау кезiнде кооперативтен шығарылуға тиiс пайшы дауыс беруге қатыспайды және есептеу кезiнде оған тиесiлi дауыс есепке алынбайды.

Басқа шешiмдер, егер кооператив жарғысы оларды қабылдау үшiн көбiрек дауыс санын талап етпесе, кооперативтiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) қатысушылардың және өкiл болып отырғандардың жай көпшiлiк даусымен қабылданады. 

3. Селолық тұтыну кооперативi жалпы жиналысының (уәкiлдер жиналысының) шешiмi, егер кооператив жарғысында немесе кооперативтiң iшкi қызметiн реттейтiн ережелер мен өзге де құжаттарда жасырын дауыс беру көзделмесе, ашық дауыс беру арқылы қабылданады.


Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы