Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
4-бап. Селолық тұтыну кооперативi



Ст. 4 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Мүшелiк негiзде мүшелерiнiң (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi селолық тұтыну кооперативi деп танылады. 

Заңды тұлға да селолық тұтыну кооперативiне мүше бола алады. 

2. Селолық тұтыну кооперативтерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсiпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәрежеде ғана айналыса алады. 

3. Селолық тұтыну кооперативтерi сауда, дайындау, өткiзу, өңдеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметiн және заңдарда тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру үшiн мүлiктiк (пайлық) жарналар есебiнен құрылады. 

4. Селолық тұтыну кооперативтерi өз мүшелерiнiң ғана емес, сонымен бiрге селолық жерлерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн. 

5. Егер құрылтай құжаттарында селолық тұтыну кооперативiнiң белгiлi бiр мерзiмге немесе белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылатыны көзделмесе, ол белгiсiз мерзiмге құрылған болып есептеледi.

Статья 1 2 3 4 5 6 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 4-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы