Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
40-бап. Атқарушы орган мүшелерi мен селолық тұтыну кооперативiнiң мүдделер қайшылығы



Ст. 40 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативi атқарушы органының мүшелерiне: 

1) жалпы жиналыстың (уәкiлдер жиналысының) келiсiмiнсiз кооперативпен мүлiктiк пайда табуға (сыйға тарту, қарыз алу, өтеусiз пайдалану, сатып алу-сату және басқа шарттарды қоса алғанда) бағытталған мәмiлелер жасасуға; 

2) кооперативтiң үшiншi тұлғалармен жасасқан мәмілелерi үшiн кооперативтiң өзiнен де, үшiншi тұлғалардан да комиссиялық сыйақы алуға; 

3) үшiншi тұлғалардың кооперативпен қатынастарында олардың атынан немесе мүдделерiн көздеп әрекет жасауға; 

4) кооператив қызметiмен бәсекелесетiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады. 

2. Осы баптың 1-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген шектеулер селолық тұтыну кооперативiнің атқарушы органы мүшелерiнiң жақын туыстары мен жекжаттарына да қолданылады.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...73 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 40-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы