Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
41-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң тексеру комиссиясы (ревизоры)

1. Селолық тұтыну кооперативi атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыру үшiн кооператив пайшыларының арасынан тексеру комиссиясы құрылуы мүмкiн. 

Тексеру комиссиясының мiндеттерiн орындау жеке тексерушi ретiнде кооператив пайшыларының бiрiне тапсырылуы мүмкiн. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң тексеру комиссиясын немесе ревизорын жалпы жиналыс (уәкiлдер жиналысы) кооператив жарғысында белгiленген мерзiмге сайлайды. 

3. Селолық тұтыну кооперативi атқарушы органының мүшелерi бiр мезгiлде тексеру комиссиясының мүшесi (ревизор) бола алмайды. 

4. Селолық тұтыну кооперативiнiң тексеру комиссиясы (ревизор) селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысына (уәкiлдер жиналысына) есеп бередi. 

5. Тексеру комиссиясы (ревизор) кез келген уақытта селолық тұтыну кооперативi атқарушы органының қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру жүргiзуге құқылы. Тексеру комиссиясының (ревизордың) осы мақсат үшiн кооперативтiң барлық құжаттамасын сөзсiз пайдалану құқығы бар. Тексеру комиссиясының (ревизордың) талап етуi бойынша атқарушы органның мүшелерi ауызша немесе жазбаша нысанда қажеттi түсiнiк беруге мiндеттi. 

6. Тексеру комиссиясы (ревизор) селолық тұтыну кооперативiнiң жылдық қаржы есебi жалпы жиналыста (уәкiлдер жиналысында) бекiтiлгенге дейiн оған мiндеттi түрде тексеру жүргiзедi. Тексеру комиссиясының (ревизордың) қорытындысы не аудиторлық есеп болмаса, жалпы жиналыстың жылдық қаржы есебiн бекiтуге құқығы жоқ. 

7. Селолық тұтыну кооперативi тексеру комиссиясының (ревизорының) жұмыс тәртiбi жарғыда, сондай-ақ кооперативтiң iшкi қызметiн реттейтiн ережелер мен өзге де құжаттарда белгiленедi. 

Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. № 139 Заңымен.
Статья 1 ...39 40 41 42 43 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться