Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
43-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң сыртқы аудитi



Ст. 43 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативi жылдық қаржылық есебiнiң дұрыстығын, сондай-ақ оның iстерiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру мен бекiту үшiн кооператив өз жарғысында көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша, кооперативпен, оның атқарушы, бақылаушы және өзге де органдарының мүшелерiмен немесе пайшылармен мүлiктiк мүдделер арқылы байланысты емес аудиторлық ұйымды /сыртқы аудит/ таратуға құқылы. 

2. Заң актiлерiнде кәсіпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық селолық тұтыну кооперативтерi үшiн жылдық қаржылық есептiлiгiнiң аудитiн мiндеттi түрде жүргiзу белгiленуi мүмкiн. 

3. Селолық тұтыну кооперативiнiң пайшысы өз есебiнен кооперативтің қаржы есептiлiгiне аудит жүргiзудi талап етуге құқылы. 

4. Егер селолық тұтыну кооперативiнiң атқарушы органы кооперативтiң қаржы есептiлiгiне аудит мiндеттi болған кезде немесе оның жүргiзiлуiн кооперативтiң пайшысы талап еткен кезде аудит жүргiзуден жалтарса, аудит мүдделi адамның не кооператив пайшысының өтiнiшi бойынша қабылданған сот шешiмiмен тағайындалуы мүмкiн.

Ескерту. 43-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. № 139 Заңымен.

Статья 1 ...41 42 43 44 45 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 43-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы