Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
45-бап. Селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкi, оны қалыптастыру көздерi



Ст. 45 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы



1. Селолық тұтыну кооперативi заңды тұлға ретiнде селолық тұтыну кооперативiнiң балансына есептелетiн мүлiктiң меншiк иесi болып табылады. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң мүлкi оның мүшелерiнiң (пайшыларының) мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жасалады. 

3. Селолық тұтыну кооперативiнiң жалпы жиналысы (уәкiлдер жиналысы) қосымша (нысаналы) мүлiктiк (пайлық) жарналар белгiлеуi мүмкін. 

4. Мүлiктiк (пайлық) және қосымша жарналардан басқа, селолық тұтыну кооперативiнiң және ол құрған филиалдар мен бөлiмшелердің кәсiпкерлiк қызметiнен түскен табыстары, сондай-ақ оның өз қаражатын шаруашылық серiктестiктерге, акционерлiк қоғамдарға, банктерге, бағалы қағаздарға және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерге салудан алған табыстары селолық тұтыну кооперативiнің мүлкiн қалыптастыру көздерi болып табылады. 

5. Селолық тұтыну кооперативтерi өзiнiң жарғылық мақсаттарын орындау үшiн селолық тұтыну кооперативтерiнiң жарғылық мақсаттарына сай келетiн шаруашылық серiктестiктерiн, мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер құра алады. 

6. Селолық тұтыну кооперативi құрған мекемелердiң мүлкi оларға оралымды басқару құқығында бекiтiлiп берiледi. 

7. Селолық тұтыну кооперативi алған табысты оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және жарғылық мақсаттарға жiберiледi. 

8. Селолық тұтыну кооперативiнiң меншiгiндегi мүлiкке билiк ету кооперативтің жалпы жиналысының (уәкілдер жиналысының) шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...73 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 45-бап Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы