Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 51 Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы


Утратил силу

Қазақстан Республикасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы
51-бап. Иеліктен айырылатын үлесті сатып алуға басымдық берілетін құқық

1. Селолық тұтыну кооперативiнiң пайшылары әлдебiр пайшылардың бiреуi үлесiн немесе оның бiр бөлiгiн сатқан жағдайда оны сатып алуға үшiншi тұлғаларға қарағанда басым құқықты пайдаланады. Мұндай құқықты әрбiр пайшы пайдалана алады. Егер сатып алудың басым құқығын пайдаланғысы келетiн пайшылар бiрнешеу болса және жарғыда немесе кооператив пайшыларының өзге де келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, үлестi (оның бiр бөлiгiн) сатып алудың басым құқығын пайшылар кооператив мүлкiндегi өз үлесiнiң мөлшерiне қарай жүзеге асырады. 

2. Селолық тұтыну кооперативiнiң пайшысынан үлесiн сатуға ұсынуы туралы хабарлама алған кезден бастап жетi күн iшiнде атқарушы орган бұл туралы кооперативтiң барлық пайшыларына хабарлайды. Кооперативтiң сатып алудың басым құқығын жүзеге асырғысы келетiн пайшысы жетi күн мерзiмде бұл туралы кооперативтiң атқарушы органына хабарлап, бұл орайда сатуға ұсынылып отырған үлестi толық немесе оның белгiлi бiр бөлiгiн сатып алғысы келетiнiн көрсетуге тиiс. 

3. Егер түскен ұсыныстардың жиынтық көлемi сатылатын үлестiң мөлшерiнен аспаса, пайшылардың әрқайсысы оның өз хабарламасында көрсеткен бөлiгiн сатып алады. Үлестiң қалған бөлiгi, егер бұлайша иелiктен айыруға дейiн селолық тұтыну кооперативi пайшыларынан қосымша ұсыныстар келiп түспесе, үшiншi тұлғаға иелiктен айырылып берiлуi мүмкiн. 

4. Үлес немесе оның бiр бөлiгi сатып алудың басым құқығын бұза отырып сатылған жағдайда селолық тұтыну кооперативiнiң кез келген пайшысы үш ай iшiнде сот тәртiбiмен өзiне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерi берiлуiн талап ете алады. 

5. Иелiктен айырылатын үлестi сатып алудың басым құқығы үлестi сатудың кез келген әдiсi жағдайында, оның iшiнде сауда-саттықта да жүзеге асырылады. 

6. Үлестi сатып алудың басым құқығын басқаға беруге жол берiлмейдi. 

7. Иелiктен айырылатын үлестi немесе оның бiр бөлiгiн кооператив пайшысы (пайшылары) сатып алған жағдайда оның кооператив мүлкiндегi үлесi көбейедi. 

8. Осы баптың ережелерi үлестi айырбас шарты бойынша иелiктен айыру кезiнде де қолданылады. 

9. Yлестi немесе оның бiр бөлiгiн үшiншi тұлғаға сату кезiнде пайшылар оны сатып алудың басым құқығын пайдаланғысы келмеген жағдайда сатып алудың басым құқығын селолық тұтыну кооперативiнiң өзi пайдалана алады.
Статья 1 ...49 50 51 52 53 ...73

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться